Биылғы жылы самбо күресіне 75 жыл толады және самбошылардың күнтізбесі жарысқа толы.
1-БЖСМ шәкірттері жақсы нәтижелер көрсетіп жүр (бапкерлері Б. Қошқаров, Б. Жұмабаев, К. Досқалиев). Орал қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Жаңылсын Көптілеуова (спорттық самбо) мен Әсет Әлдешев (әскери самбо) алтын медаль иеленді. Олар қарашада Санкт-Петербургте өтетін әлем чемпионатына және маусымда Сеулде болатын Азия чемпионатына Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды.
Чемпионаттың күміс және қола жүлдегерлері болған Тыныс Бисалиев пен Абылай Төлеш Қазақстан құрамасына үміткерлер болып табылады.
1997-98 ж.т. жасөспірімдер арасында Мәскеуде өткен халықаралық «Отан қаһармандары Кубогы» турнирінде Дәурен Болатбекұлы қола медальға ие болды. Ол 3 белдесуде жеңіске жетіп, төртіншісінде ұтылып қалды. Ынталандыру раундына шыққан ол тағы да 3 айқасты жеңіспен аяқтап, «қолаға» қол жеткізді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ