Атырау, 10 желтоқсан 23:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Қарағандыда жұмысшы «Бесоба» шағын ауданы үйлерінің бірін құлатып жатқанда қаза тапты

1 562 просмотра

АСТАНА, 27 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қарағандыда жұмысшы «Бесоба» шағын ауданы үйлерінің бірін құлатып жатқанда қаза тапты,  деп хабарлады қаза тапқан отбасының адвокаты Евгений Танков. 

Адвокаттың айтуынша, «16 наурызда 1979 жылы туылған жұмысшы Константин Бездетконы №6 «Бесоба» ТК құлату кезінде плита қысып қалды». Бұл ретте Бездетко жұмыс істеген «Аппаз» ЖШС компаниясында не жедел жәрдемге, не полицияға, не туыстарына хабар бермеген. Зардап шегушіні өз көлігінде ауруханаға жеткізген, ол 17 наурызда көптеген жарақаттардан ауруханада көз жұмды».  

«Жұмысшыларды ешқандай бір құжатсыз жұмысқа алған, ешқандай экипировка қолданылмаған», - деді Танков. 

Агенттікте әзірге «Аппаз» ЖШС басшылығының түсініктемесі жоқ.

Дереккөз: newskaz.kz

27 наурыз 2013, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.