1 сәуірден бастап қалалық және қала сырты жолаушы маршруттарында бір реттік бақылау билеттерін беру жүйесі енгізілетін болады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір реттік бақылау билеті жолаушының жүрген жол қашықтығына байланыссыз, бір маршрут бойынша бір бағытқа ғана әрекет етеді.
«Билет бермеген немесе билет беруден бас тартқан жағдайлар орын алса, келесі мекемелерге хабарласуларыңызды сұраймыз (маршрут нөмірі мен автокөлік құралының мемлекеттік нөмірін көрсетіп): Атырау қаласы бойынша Салық комитетінің басқармасы – 45 18 79; «Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 25 44 51», - деп ескертті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА