Атырау, 29 қараша 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Атырау мұнай өңдеу зауытында атмосфераға шығарындыларды азайтудың жаңа Жол картасы таныстырылды

1 736 просмотра

АМӨЗ бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВТЫҢ жетекшілігімен өткен Қоғамдық экологиялық кеңестің (ЭҚҰ) кезекті отырысында ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі Жол картасының тұсаукесері және профилактикалық жөндеу жұмыстары кезінде атқарылған жұмыстар басты тақырыптарға айналды.

Зауыттың бас технологы Наиль Хакимов айтып өткен жетістіктердің бірі – жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде аппараттарды бумен тазалау операциялары жабық жүйеде өтетіндігі: егер бұған дейін көмірсутек пен будың қосындысы ауаға жіберілген болса, енді аталмыш жұмыстар қоршаған ортаға әсерсіз, конденсатты дренаждық жүйеге жіберу арқылы іске асырылады. 

Сондай-ақ бас технолог ЭЫҰ мүшелеріне Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайтудың жол картасымен таныстырды, оған сәйкес 2023 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты автобензин мен реактивті отынды құюға арналған сорғы стансасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жаңа сорғы стансасы ашық түсті мұнай өнімдерін құю процесін зауыттың территориясынан тыс жерде, автоматтандырылған қондырғыда  (АУТН) ауыстыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің келісімі алынды, ендігі кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленеді. Жобаны сәтті жүзеге асырылуы ашық түрдегі құю процесі кезіндегі көмірсутек шығарындыларының мөлшерін азайтады.

Сондай-ақ, Жол картасын іске асыру шеңберінде баяу кокстеу қондырғысында (БкҚ) буды қайтару блогының құрылысы жоспарланған.  Аталмыш блок кокстік камераларды қыздыру, салқындату және булау процестерінен кейін пайда болатын  көмірсутек пен судың қалдықтарын жинап, бөлуге арналған.

Энергия мен ресурстарды үнемдеу және атмосфераға шығарындыларды азайту мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытында резервуар парктерінде понтондар орнату шаралары жүзеге асырылуда. Понтондар сұйықтықтардың булануы мен тұтануына жол бермейді, олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтады. Резервуар парктерінде понтондар орнату көмірсутегі ізін 1,5%-ға азайтуға көмектеседі деп күтілуде.

Барлық жарияланған табиғатты қорғау шаралары қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған. КТҚҚ қайта қалпына келтірілгеннен кейін тазартылған судың бір бөлігі зауыт қажеттіліктері үшін қайта пайдаланылады, сол арқылы Жайық өзенінен өнеркәсіптік мақсаттағы тұщы су алуды 9%-ға азайтады. Отырыс соңында ЭЫҰ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауытына мынадай ұсыныстар берді: Жайық өзенінің су шығынын азайту мақсатында ағынды суларды қайтару жұмыстарын жалғастыру; қара мұнай өнімдеріне арналған автоматтандырылған герметикалық тиеу қондырғысының және газтурбиналық электр станциясының құрылысын жалғастыру, сондай-ақ өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін барынша азайту үшін жаңа технологияларды енгізу.

Г.АҚБЕРГЕН

18 қараша 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.