Джулия ПИРСОН.АСТАНА, 27 нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Барак Обама АҚШ Құпия қызметтің жаңа басшылығына бұрын мемлекет басшысын күзетумен айналысып келген Джулия Пирсонды тағайындады деп хабарлайды «РИА Новости».
«Осы саладағы 30 жылдан астам уақыттағы қызметінде ол өзінің жиған мол тәжірибесімен бөлісетін кез келді. Жауапкершілігі мол Құпия қызметтегі әріптестеріне мұндай көмек қашан да қажет» деп мәлімдеді арнайы қызмет басшылығын ресми таныстыру барысында.
Бұл қызметтің бұрынғы басшысы Марк Салливан өткен айда өз еркімен отствакаға кеткен болатын. Бұл кісінің басшылығы кезінде арнайы қызмет өкілдерінің ерсі қылықтарымен күллі дүниені шулатып, абыройдан жұрдай болып еді.
Дереккөз: newskaz.kz