АСТАНА, 27 нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекітті.
Тиісті жарлық сәрсенбіде ресми баспасөзде жарияланды.
«Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін», - делінген құжат мәтінінде.
Жарлыққа сәйкес орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дереккөз: newskaz.kz