Атырау, 23 қараша 05:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Yahoo 17 жастағы студентке iPhone қосымшасы үшін 30 млн. доллар төледі

1 418 просмотра
 
Американдық Yahoo Inc. интернет-компаниясы 17 жастағы студент Ник Д'Алоисио ойлап тапқан Summly ұялы телефон қосымшасын 30 млн. долларға сатып алды, деп хабарлады Reuters.

Summly қосымшасы iPhone-да қолданылады және жаңалықтарды 400 белгіге дейін ықшамдауға, сондай-ақ оларды ыңғайлы күйде ашуға мүмкіндік береді.

Н.Д'Алоисио компьютерлік жүйенің кодировкасын 12 жасында үйренді. Осыдан кейін ол қосымшаларды ойлап таба бастаған, оның қатарында Facemood - Facebook қолданушыларының көңіл-күйін анықтайтын сервис, сондай-ақ музыканы әп-сәтте табуға мүмкіндік беретін SongStumblr сервисі де бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 наурыз 2013, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.