Атырау, 28 наурыз 16:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Футбол: Қазақстан Германиядан кезекті рет ұтылды

2 159 просмотра
Бүгін, түнгі сағат 01.45-те Нюрнбергте Қазақстан Германиямен екінші матч өткізіп, еліміздің құрамасы 4: 1 есебімен ұтылды.

Атап айтқанда, Германия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасында аталған елге екінші рет есе жіберіп отырмыз.

Сонымен, бірінші таймның 23-минутында германиялық  құраманың ойыншысы Марко Ройс есеп ашты, сондай-ақ араға  төрт минут салып Марио Гетце есепті еселей түсті. Ал кездесудің 31-минутында Гюндоган үшінші голдың авторы атанды. Тек екінші таймның басында қазақстандық футболшы Генрих Шмидтгаль есеп ашып, команданың алға ілгерілеуіне мүмкіндік берді. Ойынның 90-минутында Марко Ройс төртінші голды соғып, көзге түсті. 

2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы бұл матчқа түркиялық Халис Озкахия төрелік жасады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Астанада  өткен ойында Германия құрамасы Қазақстан командасын 0:3 есебімен ұтқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 наурыз 2013, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.