Атырау, 25 қараша 14:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокуратурада «Нұр Отан» түсірген бейнематериал қаралды...

2 792 просмотра

Табиғат қорғау прокуратурасы «Нұр Отан» партиялық бақылау бекеті жасаған бейнежазбасын талқылады.

Естеріңізге салсақ, наурыздың басында «нұротандықтар» Балық қорғау инспекциясының Дамбы бөліміне жасаған рейді кезінде бейнекамераға балық қорғау бекеті жанынан теңізге қарай еш кедергісіз өтіп жатқан бетперде киген мотоциклшілерді түсіріп алған. Балықты толтырып алған келесі топ теңіз жақтан тағы да кедергісіз бекет жанынан өтіп жатыр («ЖС» 14.03.2013 ж., №11 «Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе балық қорғаушылар партия бастамасымен неге келіспей отыр» мақаласын қараңыз).

- Бейнежазбаны қарадық, соның нәтижесі бойынша сеніп тапсырылған жерлерінде бақылаудың жоқтығы үшін Атырау облысы ІІД және балық қорғау инспекциясы бастықтарының атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді, - дейді Атырау облысы бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Аршат ТАЙТУЛИН. – Сәйкесінше, олар осы фактілер бойынша қызметтік тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалауы керек.

Тайтулиннің айтуынша, балық қорғау инспекциясы табиғат қорғау аймағына ешкімді жібермеуі тиіс.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 наурыз 2013, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.