Атырау, 12 желтоқсан 09:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Партияның «Керек!» сөзіне комсомол «Құп!» деп, бас иді

3 471 просмотра

Балық шаруашылығын қорғау инспекциясы, ІІД және су полициясы «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бақылау бекетімен бірлесе жұмыс жасайтын болады.

Жайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Ә. БҰХАРБАЕВЖайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Ә. БҰХАРБАЕВЖайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Әлібек БҰХАРБАЕВТЫҢ айтуынша,«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалымен бірлескен жұмыс жоспарына қол қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын балық қорғау инспекциясы партиялық бақылау бекетінің басшысы болып бұрынғы қызметкері Бауыржан БИМУРЗИН тағайындалғандықтан, жоспарға қол қойғысы келмеген еді («ЖС»14.03.2013 ж., №11 «Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе балық қорғаушылар партия бастамасымен неге келіспей отыр» мақаласын қараңыз ).

- Біз «Нұр Отанмен» бірлескен жұмыс жоспарына қол қойдық, - дейді Әлібек Бұхарбаев. – Біз олармен бірлесіп жұмыс жасаудан ешқашан бас тартқан емеспіз. Мен тек өзіміздің бұрынғы қызметкеріміз турасында пікірімді айттым. Бекет бастығы ол немесе басқа біреу бола ма, бізге бәрібір.

«Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау бекетінің басшысы Б. БИМУРЗИН«Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау бекетінің басшысы Б. БИМУРЗИН«Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау бекетінің басшысы Бауыржан БИМУРЗИННІҢ айтуынша, бірлескен жұмыс жоспарына балық қорғаушылардан басқа, Атырау облыстық ІІД мен су полициясы қол қойған.

- Мұның бәрі біз Астанаға хабарлағаннан кейін болды, - дейді Бимурзин.– Қазір бәрі жақсы, жұмысты бастап кеттік.

Бұрын хабарлағанымыздай, биылғы жылы алғашқы рет пилоттық жоба аясында «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бақылау бекеті құрылған болатын. Ол облысымыздағы браконьерлікпен күреседі. Бекет біреу ғана, алайда ол 22 нысанды қадағалайтын болады (көбіне өзеннің төменгі сағасын). Бекет өкілдері балық қорғау инспекциясы және су полициясымен бірлесе отырып, рейдтер жүргізетін болды. Сондай-ақ бекіре зауыттарындағы бюджеттік қаражаттардың шығындалуына бақылау жасайды.

Барлық жағдайларға зер сала қарасақ, биылғы көктемгі балық аулау маусымы «ыстық» болайын деп тұр. Оқиғаларды бақылауда ұстайтын боламыз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 наурыз 2013, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.