Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алдағы 2 жыл ішінде Қазақстанда тек 100 ЖОО қалады

3 451 рет қаралды
Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алдағы 2 жыл ішінде еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 100-ге дейін қысқаратынын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Жоғары білім беру саласында көптеген жұмыстар атқарылады. Елбасының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүргізлуде. Қазір оладың саны 149-дан 136-ға дейін қысқартылды. Іс жүзінде коммерциялық жоғары оқу орындарының көпшілігі білім беру сапасына келгенде сын көтермейді. Сондықтан, алдағы 3 жылда коммерциялық жоғары оқу орындарының саны 66-дан 30-ға қысқарады. Ал жалпы алғанда, алдағы 2 жылда еліміздегі мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны 100 шақты болады»,- деп хабарлады министр. 

Б.Жұмағұлов хабарлағандай, осы мерзім жеткенде көптеген аймақтарда 1 мемлекеттік және 1 жекеменшік оқу орны ғана қалады.

Дереккөз: bnews.kz

26 наурыз 2013, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.