Атырау, 23 қараша 12:51
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық журналист Денис Тенге алтын медаль беруді талап ету петициясына қол жинап жатыр

1 897 просмотра

Фото: ReutersФото: ReutersАмерикалық журналист Моника Фридлендер халықаралық коньки федерациясы президенті Оттавио Чинкванте пен ХОК басшысы Жак Роггенің атына арнайы хат жазып, Денис Тенге алтын медаль беруді талап ету үшін арнайы петицияға қазір қол жинап жатыр.

Канадада өткен жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ерікті бағдарламада үздік нәтже көрсеткеніне қарамастан, мұз айдынының қожайыны Патрик Чаннан 1,30 балл қалыс қалып, күміс медальді қанағат тұтқан болатын. Осындай әділетсіздікке төзе алмаған көптеген мамандар канадалық спортшының мұз үстінде екі мәрте құлап, басқа да жіберген өрескел қателіктеріне көз жұма қараған төрешілердің мұндай шешімін сынға алды, деп жазады rsport.ru.

«Біз алдын ала келісіп алған әділетсіз төрешілік Чанның жоғары балл алуына көмектесті деп санаймыз, - делінген петицияда. – Чанның деңгейінде өнер көрсеткен кез келген спортшы мұндай нәтижемен алтын тұрмақ, тұғырдан да тыс қалар еді. Алайда канадалық мәнерлеп сырғанаушының әділетсіздікпен алтын алып жүргені бірінші рет емес. 2012 жылғы Әлем чемпионатында да төрешілер тура осындай тәсілмен Дайсуке Такахасиді айнала бірінші орынды осы Чанға алып берген болатын. Сондықтан 2013 жылғы әлем чемпионатында жалғыз өнер көрсететін ерлер сайысының нәтижесі қайта қарастырылып, алтын Денис Тенге берілу керек деп есептейміз».

Петиция авторлары сондай-ақ мысал ретінде көптеген сарапшылардың, соның ішінде олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен танымал америкалық спортшылар Джонни Вейр мен Тодд Элдридждің пікірлерін келтірген.

Дереккөз: bnews.kz

26 наурыз 2013, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.