АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Британ полициясы қуғынға ұшыраған олигарх Борис Березовскйидің өлімінің себебін атады - ол тұншықтыру салдарынан көз жұмды.
Бұл ретте полиция Березовскийдің денесінен қандай да бір зорлық-зомбылық белгілерін таппады. Бұл туралы РБК хабарлады.
Полиция Березовскийдің өліміне «үшінші тараптың қатысу» іздерін таппады, және анағұрлым расталуы мүмкін болжам - бұл өз-өзіне қол жұмсау.
«Патологоанатомдар жасаған мәйітті сою нәтижесі тұншықтыруды өлімнің себебі ретінде көрсетті. Патологоанатомдар күреске көрсететін ешбір ізді таппады», - деп айтылған Лондондағы Темз-Вэлли округі полициясының мәліметінде. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Дегенмен бұнымен тергеу аяқталмайды. Полиция сараптамаларды жасауды жалғастырады, мәселен, оксикологиялық және гистологиялық тестілерді жасау жоспарлануда. Соңғы үкім бірнеше күннен кейін шығарылатын болады.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау +4