Атырау, 23 қараша 12:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әскери қызметкердің өліміне күдікті Қапшағай тұрғыны болып шықты

2 315 просмотра

Алматы облысының полициясына 1983 жылы туылған Қапшағай қаласының тұрғыны келіп, ағымдағы жылғы 17 наурызда болған кісі өліміне өзінің кінәлі екендігін мойындады.

Оның сөзіне қарағанда, наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні әкімшілік ғимараты маңында үш жігітпен төбелесіп қалған. Жанжал кезінде ол пышақ қолданған. Бұдан кейін өтіп бара жатқан көлікке отырып, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Қазіргі уақытта күдікті Қапшағай қалалық ІІБ оқшаулау абақтысына қамалды.

Еске сала кетсек, осы оқиға орнында 1984 жылы туылған Нұржан Тоқтамысовтың жансыз денесі табылған еді. Ол жедел жәрдем келгенше үзіліп кеткен.

Дереккөз: inform.kz

25 наурыз 2013, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.