Атырау, 22 наурыз 00:52
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Украина ДСҰ құрамынан шыққаннан кейін ғана КО мүшесі бола алады

1 655 просмотра

Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) құрамынан шыққаннан кейін немесе КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерді қарастырған жағдайда Кедендік одақ (КО) мүшесі бола алады. Бұл туралы Украинаның премьер-министрі Николай Азаров ресейлік «МИР» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Украина тәуелсіз мемлекет ретінде бірқатар халықаралық келісімге отырған. Ол Ресейден бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Біздің алдымызда бір мәселе тұр: біз ДСҰ құрамынан шығып, Кедендік одақ құрамына кіреміз немесе біз КО алдындағы міндеттемелер шеңберінде ДСҰ-мен келісімдерімізді қарастырамыз. Бұл күрделі әрі тиімсіз іс», - деп атап өтті үкімет басшысы.

Азаровтың айтуынша, бастапқыда Украинаға КО жанындағы бақылаушы болу тиімдірек.

Дереккөз: bnews.kz

25 наурыз 2013, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.