Атырау, 23 қараша 05:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Швейцарияда жалған дәрігер пациенттеріне СПИД індетін жұқтырған

1 529 просмотра
Швейцарияда құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы жалған құжатпен медициналық қызметпен айналысқан, сондай-ақ өзінің пациенттеріне қасақана ВИЧ жұқтырған ер адамды ұстады, деп хабарлады ЕуроСМИ.ру.

Тергеушілердің айтуынша, ол өзінің құрбандарына ұйықтататын дәрі беріп, одан кейін иненің көмегімен қауіпті індетті жұқтырған. Айта кетерлігі, оның өзі бұл ауруға ұшырамаған. Оның бұл "дәрігерлік" қызметінен 16 адам зардап шеккен, медиктер олардан СПИД ауруының вирусын тапты. Әзірге тергеу аяқталған жоқ, оның бұдан басқа да қандай қылмыстарға қатысы бар екені, барлығы қанша адамдарға зардап шектіргені егжей-тегжейлі тексерілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 наурыз 2013, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.