Атырау, 27 желтоқсан 06:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

30 наурызға дейін күн суық болады

3 726 просмотра

Таяу арадағы бірнеше күн бойына Атырау облысында ауа райы салқын болады. Тіпті дауылды ескерту де жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 25-26 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады деп күтілуде. Қарға ұласатын жауын жаууы мүмкін, тұман басып, жел күші секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде минус 5-ке дейін, кей жерлерде минус 8-ге дейін, күндіз минус 3-тен плюс 2-ге дейін өзгереді, кей жерлері 5 градус жылы болады.

Астанадағы «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі Жұлдыз ИСАБЕКОВАНЫҢ айтуынша, күннің күрт сууы Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін кезекті циклонның кіруімен байланысты екен.  

– Қазір Мәскеу түбіндегі бұл циклон асқан жылдамдықпен Қазақстанның батыс аумағына жақындап қалды, - дейді ол. – Сондықтан Атырау облысында температура күрт төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай құбылмалы ауа райы көктем маусымына тән құбылыс.

Атырау обылсындағы құбылмалы температура алдағы күндері де сақталады. 28-29 наурызда батыстан циклонның соғуына байланысты күн тағы да суытып, кей жерлерде жаңбыр, қар жауып, тайғақ болуы мүмкін. Одан кейінгі күндері күн біртіндеп жылына бастайды деп күтілуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 наурыз 2013, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.