Атырау, 23 қараша 05:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Борис Березовский көз жұмды, полиция өз-өзіне қол салуы мүмкін деген болжам жасауда

2 189 просмотра

Борис БЕРЕЗОВСКИЙ.Борис БЕРЕЗОВСКИЙ.Ресейлік 67 жастағы бизнесмен Борис Березовскийдің өлі денесі Лондон түбіндегі үйінің ваннасынан табылды. Ресми расталмаған болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салуы мүмкін, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Мәлімет бойынша, марқұмның денесінен күш көрсету белгілері табылмаған.

Борис Березовский Владимир Путинге таяуда жазған хатында көп қателік жібергенін мойындап, елге оралуға мүмкіндік беруін өтінген екен. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Осыдан біраз уақыт бұрын Березовский Путиннің атына хат жолдады, онда ол көп қателік жібергенін мойындап, Путиннен сол қателіктерін кешіруді өтінген, сонымен қатар ол Президенттен елге оралуға мүмкіндік беруін өтінді», - деп хабарлады Песков Березовскийдің өлімі туралы ақпаратқа байланысты.

Айта кетейік, ресейлік миллиардер Борис Березовский Президент Путинді сынағаны үшін елден қуылған.
Дереккөз: bnews.kz


 

24 наурыз 2013, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.