Атырау, 25 сәуір 06:44
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

6 749 просмотра

Бүгін елімізде күн мен түн теңелетін Наурыз мерекесі тойлануда. Бүгін Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзін арнады.

«Біздің еліміз, көпұлтты Қазақстан Наурыз мерекесін 1 қаңтарда Жаңа жылды тойлағандай атап өтеді. Ол халықтың нағыз мерекесі болғандықтан уақыт көшінде бұзылмай сақталып келді. Бүгін күн мен түн теңеледі. Күн бұдан ары ұзара беретіндіктен ол даму мерекесі боп табылады. Тәуелсіздігімізбен бірге қайта оралған мерекені бүгін атап өту кезінде біз тәуелсіз 21 жыл ішінде жүз жылда жасалатын жетістіктерге қол жеткізгенімізді атап өтеміз. Қазақстанда ешқашан болмаған көпұлтты жаңа мемлекет құрылды», – деді Н.Назарбаев.

«Біз жаңа экономиканы құрдық, біз тоталитарлықтан жаңа либералдық жүйеге көштік. Біздің балаларымыз қалаған кез-келген мемлекетте білім алуда. Қазақстандықтар әлемнің ең жақсы шипажайларында демалуда. Оңтүстік-шығыс дағдарысынан кейін соңғы 15 жылда ел экономикасы 16 есе артты. Біз Еуропаның шығыс және оңтүстік-шығыс бірқатар елдерімен тең түстік. Мұның барлығына халқымыздың бірлігі мен бейбітшлігі және еңбексүйгіштігінің арқасында қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде білім берудің, тегін орта білім мен тегін медицинаның жақсы жүйесі қалыптасты. Орташа өмір сүру ұзақтығы 64-тен 70 жасқа дейін ұзарды. Біз 700 медициналық мекеме, 900 мектеп салдық. Біз жоғары білімнің үздік жүйесін құрдық. Біздің балаларымыз Қазақстанда сапалы білім ала алады», – деді Мемлекет басшысы.

«Бұл алғашқы жылдардағы жетістіктер. Біз алға ұмтылудамыз, біз 2050 жылға дейінгі елдің даму бағдарламасын қабылдадық. Біздің мақсатымыз ғаламшардағы күшті дамыған 30 елдің қатарына кіру боп табылады. Біз біргеміз, сондықтан бұл мақсатқа қол жеткіземіз. Біз өз балаларымызды, өз елімізді сүйеміз, жарқын болашақты қалаймыз және осы үшін жұмыс істеу қажет. Көптеген елдерде жалақы мен зейнетақы қысқартылуда, ал біз соңғы 4 жылда оларды 2 есе көтердік және жыл сайын көтерудеміз. Бұл еңбектің арқасында. Өйткені, Наурыз мерекесі секілді еңбек те адамдарды ұлт пен дінге бөлмейді. Біз біргеміз, біз бірге еңбектенудеміз, бірге өмір сүрудеміз, біз алға ұмтылудамыз және қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Мызғымас жанұя, адал еңбек және Отанға деген махаббат. Міне, біз үшін осылар қажет. Мен баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын және барлық қазақстандықтарды болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретіндей, өміріміз жақсара түсетіндей еңбектенуге шақырамын», – деді Н.Назарбаев.

Салтанатты шара Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимараының алдында «Астана» алаңында өтуде. Күннің салқындығына қарамастан алматылықтар мен қала қонақтары мерекелік көтеріңкі көңілден арылмаған. Мереке бағдарламасы бойынша қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, үнді шайының, қолөнершілер қалашығының фестивалі өтеді. Кешке София Эллис Бэкстордың әлемдік концерті өтеді. Наурыз мерекесін тойлау салтанатты от шашумен аяқталады.
Дереккөз: bnews.kz

 

22 наурыз 2013, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.