Атырау, 23 қараша 12:47
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ қайта құрылатын болады

3 054 просмотра
 
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қайта құру арқылы теміржол саласының жаңа моделін құру ұсынылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қайта құру шарасының негізінде инфрақұрылымдық оператор құрылып, тасымалдау қызметі бөлінеді. Бұл жүктерді тасымалдау нарығында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар министрдің сөзіне сәйкес, вокзалдар мен пойыздардағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында вокзал қызметтері мен жолаушылар тасымалының стандарттарын енгізу, жүк тасымалдауын лицензиялау, қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету қарастырылады. «Мұның сыртында билеттерді сату тәртібі заң жүзінде бекітіліп, оларды сатудың балама тәсілдері көзделеді»,-деді министр А. Жұмағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 наурыз 2013, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.