Атырау, 25 қараша 14:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

1 сәуірден бастап тыйым салынады

2 719 просмотра

Атырау балық шаруашылығын қорғау инспекциясы бөлімі Атырау қаласының барлық әуесқой балықшыларын Жайық өзеніндегі мұз кеткеннен кейін әуесқой балық аулау үшін тыйым салынған күндер (сейсенбі мен сәрсенбі) алынып тасталғаны жөнінде хабардар етеді. 1 сәуірге дейін күн сайын балық аулауға мүмкіндік бар.

Ал 1 сәуірден 15 маусымға дейін ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №303 «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен тұқымдарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану жерлері мен мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысының негізінде Атырау қаласы және Атырау облысы бойынша кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға тыйым салынады.

А. Зұлқанова, Атырау балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.