Атырау, 21 ақпан 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Бала саудалаумен айналысып, қашып жүрген қазақстандық Кореяда ұсталды

640 рет қаралды

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстіккореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

"Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Оңтүстік Кореядан депортацияланған, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.

20 қазан 2022, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.