Атырау, 21 ақпан 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыруға арналған утиль алымының мөлшері белгіленді

1 037 рет қаралды

Мәжіліс екінші оқылымда өзгеріс енгізілген Салық кодексін мақұлдады. Мұнда шетедік көліктерді заңдастыруға арналған бірыңғай тіркеу алымы белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттар енгізген өзгеріске сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көліктерді заңдастыру кезінде бірыңғай тіркеу алымы 200 мың теңге болады. 

"Бұл толықтыру президенттің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы кезінде айтылған тапсырмасын орындау аясында дайындады. Президент бұл көлік категориясы үшін утиль және тіркеу алымын 200-250 мың теңгеден асырмауды айтқан", – деді мәжіліс депутаты Сергей Симонов. 

Оның сөзінше, бұл өзгеріс халыққа көлік меншігін тіркеуге мүмкіндік жасайды. Ал көлік категориясын, тіркеу реті мен шарттарын, мерзімін Үкімет белгілейді екен. 

19 қазан 2022, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.