Атырау, 22 желтоқсан 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев: Алматының алмасы ұлттық брендке айналуы мүмкін

801 рет қаралды

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында алматылық алманың ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы алмасы бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін. Өңір алма ғана емес басқа да бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарымен танымал. Бұл бағыт дұрыс дамыса, өңір бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ететін болады. Тіпті экспортқа шығып, ұлттық брендке айналуы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қонаевтың Алматыға жақындығы да қолайлы факторлардың бірі.

"Бүгінде менің тапсырмам бойынша мегаполистің айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына ықпал етеді", - деп қосты Мемлекет басшысы.
19 қазан 2022, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.