Атырау, 4 қазан 06:26
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қазақстанда дәрігерлер енді науқасты емдеуден бас тарта алады

761 просмотра

Қазақстандық дәрігерлерге кейбір жағдайларда науқастарын емдеуден бас тартуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Қазір жаңа заң жобасы талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің құқықтарын кеңейтетін заң жобасын жасады. Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылауы үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. 

Құжатта дәрігерлер медициналық ұйым басшысының келісімімен науқасты бақылаудан немесе емдеуден бас тарта алатыны жазылған. 

Дәрігер медициналық ұйымның басшысымен келісе отырып науқасты бақылаудан және оны емдеуден үш шарт бойынша бас тарта алады:

  • науқасты басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмесе;
  • емдеу жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмесе;
  • емдеу жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген болуы тиіс. 

Бұл шараны денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеп кеткенімен түсіндірді. Мысалы, қаңтар оқиғалары кезінде медициналық ұйымдарға шабуыл жасалып, жедел жәрдем қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсету жағдайлары тіркелген. 

"Осыған байланысты дәрігер мен науқастың құқықтық қатынастарын реттеу тетігін әзірлеу ұсынылады. Мысалы, медицина қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнсе, ол науқасты емдеуден де бақылаудан мүлде бас тарта алады”, — деп толықтырды денсаулық сақтау министрлігі.

Cондай-ақ құжатта психикалық және мінез-құлқы бұзылған науқастарды дестигматизациялау бойынша шаралар қабылдау қажет екені де көрсетілген.

19 қазан 2022, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.