Атырау, 25 қараша 14:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда кітап оқитындар аз

6 073 просмотра

Жақында Атырауда бірден екі кітап дүкені жабылды. «Зайнаб» («Шалқыманың» маңындағы) киім сату бутигіне айналса, «Эльдорадо» басқа қалаға, мүмкін кітапты көп оқитын жерге болар, көшіп кетті.

Облыс орталығында үш шағын кітап дүкені қалды: «Меломан», «City books» және «Читающий Прикаспий». Мысал келтіре айтсақ, көрші Ақтөбе қаласында ірілі-ұсақты кітап дүкендері жеткілікті.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: Жақында жүргізілген сауалнаманың қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар жыл ішінде бірде-бір кітап оқымаған немесе оқуға мүлдем қызықпаған екен. Қатысушылардың «күн сайын оқимын» жауаптарын негізге алып, әлеуметтік қызметкерлер «көп оқитын» қалаларды анықтапты: Петропавловск (22,5%), Алматы (19%) және Астана (18,9%). Рейтингтің төменгі жағына «ешқашан кітап оқуға қызыққан жоқпын» жауабымен көзге түскен қалалар орналасқан: Тараз (19,9%), Қостанай (18,2%), және Атырау (16,7%).

Қазір электронды форматта кітаптар көп деп сылтау айтуға болатын шығар. Әрине. Сонымен, сіздің компьютеріңізде жүктелген қанша кітап бар?

Біздің дәуірімізде адамдарға жылтырақ журналдар мен ғаламтор беттеріндегі жарқын суреттер астындағы бір-екі жол қысқа сөйлемдер жетіп жатыр-ау деймін. Осы ойлар жетегінде мұңданасың да қоясың.

Қалған кітап дүкендері сөресіндегі кітаптарға келетін болсақ, бұлар көбіне – анықтамалық және оқу өнімдері. Заманауи көркем әдебиет аз қамтылған – негізінен, ресейлік «мысқылды детективтер» мен батыстық «әйел романдары».

«Атырау» ойын-сауық кешеніндегі «Меломан» дүкенінің кеңесші-сатушысы мен қыстағаннан кейін: «адамдар көбіне диск, ойыншықтар, кеңсе тауарларын алуға кіреді, кітап сөрелеріне көп жақындамайды», - деп мойындады.

Басқа дүкендерде де осындай жағдай...

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.