Атырау, 4 қазан 06:33
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Тоқаев ақтаулық егіз Қасым мен Жомартқа хат жолдады

942 просмотра

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақтаулық 13 жастағы егізге хат жолдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Мемлекет басшысы өз хатында балалардың елге адал қызмет етіп, биік белестерді бағындыратын азамат болуын тілеген. Тоқаев олардың дипломат болуға деген ұмтылысын құптап, бұл мемлекетке аса қажет мамандық екенін, сонымен қатар жауапкершілік екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент бүгінгі жасөспірім - ертеңгі ел иесі екенін айтты.

"Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспін!" - деп жазды Президент.

Сурет: mangystaumedia.kz

Қасым мен Жомарт Президенттен хат алғанына дән риза. 

"Олар хатты қайта-қайта оқып, достарына алған әсері туралы айтты. Президенттің тілегі орындалуына тілектеспіз", - деді егіздің әкесі Ерлан Мәуленов. 

Еске салайық, Қасым және Жомарт есімді егіз Ақтауда тұрады. №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 8-сыныбында оқитын Қасым мен Жомартты сыныптастары үш жылдан бері «Президент» деп атайды екен. Мемлекет басшысының аттастары да мамыр айында туған. Екеуі де болашақта дипломат болуды мақсат етіп, бүгінде бірнеше шет тілін меңгеріп жүр.

19 қазан 2022, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.