Атырау, 4 қазан 08:17
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ресейліктердің ағымына байланысты жағдай тұрақтанды – ІІМ

821 просмотра

18 қазанда өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Марат Ахметжанов Ресейден Қазақстанға келушілер санының азайғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Министрдің сөзінше, қазір жағдай бұрынғы қалпына қайта келген.

“Қазір Ресейден келген азаматтардың саны кетіп жатқандарынан аз”,- деді ол.

Марат Ахметжанов қазір елімізге күніне 8-9 мың азамат келетінін, өз кезегінде соның 10-11 мыңы елден шығатынын айтты.

Ахметжанов ресейліктерді депортациялау фактілерінің де бар екенін жеткізді. Бірақ нақты цифрын атамады.

"Біздің көші-қон заңнамасын бұзғандардың барлығы заң аясында, сот шешімімен шекарамыздан шығарылады", - деп жауап берді ол.

Қазір Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай бақылауда.

18 қазан 2022, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.