Атырау, 4 қазан 08:24
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

​Заңсыз майнингпен күрес энергия шығынын 1,4 пайыз төмендетті - министр

564 просмотра

Заңсыз майнингпен күрес елдегі энергия тұтыну көлемін былтырғымен салыстырғанда 1,4 пайыз төмендеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Қазіргі уақытта біртұтас энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істейді. 16 қазанда экспортты ескергеннің өзінде энергия өндіру 86,9 млрд КВт/сағ құрады. Тұтыну көлемі - 86,8 млрд КВт/сағат. Бұл былтырғыдан 1,4 пайыз төмен. Тұтынудың төмендеуі көбіне майнинг бойынша заңсыз қызмет іске асырған тұлғаларды анықтау бағытында жүргізілген жұмыстарға байланысты»,- деді Болат Ақшолақов.

18 қазан 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.