Атырау, 4 қазан 08:28
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Тоқаев аймақ елдерінің шекарасын анықтау мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды

1 003 просмотра

14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде аймақ елдерінің шекарасын бейбіт жолмен анықтау мәселесін шешуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тұрақсыздық туғызатын факторлардың бірі аймақтың жекелеген елдері арасындағы шекара мәселесінің реттелмегені екенін айтты.

Шекара мәселесін шешу тек көп ғасырлық достық, сенім және тату көршілік рухында, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын қатаң сақтау арқылы тек бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиіс, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

14 қазан 2022, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.