Атырау, 4 қазан 08:18
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Әлеуметтік желіде орынсыз айтылған сөз этносаралық араздық туғызуы мүмкін – Тоқаев

888 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір елдердегі арандатушылар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

"Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе6 жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді", - деді Тоқаев Орталық Азия – Ресей саммитінде.

Президент дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуі керек деп санайды.

"Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкініштісі, кейбір елде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Айыптаулар ештеңеге негізделмеген. Әрине, бұл елдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасына теріс әсер етеді", - деді Тоқаев

Ол Қазақстан көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін атап өтті.

"Біздің басты мақсатымыз - өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты прогресс үшін қолайлы жағдай жасау", - деді Тоқаев.

14 қазан 2022, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.