Атырау, 3 қараша 16:50
 дождьВ Атырау +15.2
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Қазақстанға алғаш рет іссапармен Түрікменстан президенті келді

1 138 рет қаралды

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға ұшып келді. Бұл оның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Түрікменстан президентін Астана әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

14 қазан 2022, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.