Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс көтерді.
2010 жылдың наурызында Атырауда жұмыс жасайтын шетелдік ЖШС ақпараттық технологиялармен айналысатын американдық компанияға ірі транзакция жүргізген. Тапсырысқа сәйкес компания Атырауға 330 мың доллардан аса сомаға бағдарламалық қамтуы бар 4 диск жіберген. Тауарлар, сондай-ақ бағдарламалардың лицензиялары екі түрде: электронды және курьерлік қызметпен жеткізілген.
- Жоспарлы тексеру барысында кедендік бақылау басқармасының қызметкерлері осы дискілер үшін кедендік ресімдеу жүргізілмегенін анықтады,- дейді КБД-нің ұйымдастыру жұмыстары және бақылау бөлімінің бас маманы Айсұлу ТЕЛЕУІШЕВА. – Декларацияланбаған тауардың құны 50 млн теңгені құрады. ҚР ҚК 209-бабы «г» тармағы 2-бөлімі бойынша («Аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда») қылмыстық іс қозғалды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА