Атырау, 22 желтоқсан 20:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Үш кандидат президент сайлауына қатыса алмайды

820 рет қаралды

Орталық сайлау комиссиясы үш кандидаттың Қазақстан президентіне қойылатын талаптарға сай келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайролла Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ екені анықталды. Сонымен қатар Қазақстанда тумаған. Оның кандидатурасын "Асар" Оралмандар бірлестігі" ұсынған еді. 

"Қазақстан Құрылысшылар одағы" атынан саяси додаға түспек болған Талғат Ерғалиев те қойылатын талаптарға сай емес. Кандидат мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек, ал Ерғалиев мемлекеттік қызметте тек 3,5 еңбек еткен. 

Фатима Бизақова президент сайлауына кандидат ретінде тіркелмеді. Себебі мемлекеттік қызметте еңбек өтілі жоқ. Бизақова "Практикалық психология" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.

13 қазан 2022, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.