Атырау, 13 қазан 05:42
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қару ұстаған арулар

2 355 просмотра

15 наурыз күні әйел полицейлер арасында «Қыз сыны» байқауы өтті.

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, мұндай сайыс 1980 жылдан бері өткізіліп отыр екен.

Жеті турдан тұрған байқауға 8 ару қатысып, өз өнерлерін сынап бақты. Мәселен, ІІД Ақпараттық аналитикалық орталықтың технигі Раушан НҰРҒУАТ дайындаған сірне дәмі тіл үйірсе, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жетекші маманы Анар МАРАЛОВА «Аққу» биін мың бұрала биледі. Ал мамандандырылған Күзет басқармасының инспекторы Лаура БОРАНБАЕВА Макаров тапаншасын жартылай шашып-жинау бойынша шапшаңдығымен көзге түсті.

Сайыс соңында жүлделі 1-ші орынға ІІД Қаржымен қамту басқармасының маманы Айгүл НАУРЫЗҒАЛИ (суретте ортасында) ие болса, 2-ші орын Анар Маралованың (суретте сол жақта) қанжығасына байланып, 3-ші орын қалалық ІІД полиция аға лейтенанты Гауһар ЖЕКСЕНҒАЛИЕВАҒА (суретте оң жақта) бұйырды.

1-орын жеңімпазы небары 19 жаста екен, оның бұл қызметке ауысып келгеніне 1 айға жуықтапты:

- Сол үшін де тапанша құрастыру қиынырақ болды. Ал сайысқа 2 күн ішінде дайындалып үлгердім, - дейді ол.

Гауһар Жексенғалиева, 21 жаста:

- Бала күнімнен ән саламын. Сайыста маған осы өнерім көп көмектесті. Мен өз қызметімді шексіз сүюшілердің қатарынанмын. Қиындықтары да жоқ емес, әрине. Үйде кішкентай балам және атам мен енем бар. Жолдасым да осы саланың маманы. Сондықтан олар мені бір кісідей түсініп, қолдау білдіріп отырады.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.