Атырау, 4 мамыр 12:09
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Тоқаев Ақордада Қатар Әмірімен кездесті

741 просмотра

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Ол Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Мәртебелі мейманның келуі құрметіне залда құрметті қарауыл сап түзеп тұрды.

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни кілеммен Қазақстанның Мемлекеттік туына дейін жүріп өтті.

Одан кейін отырыс шағын құрамда басталды.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болады. Сондай-ақ тараптар екіжақты инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.

Сонымен қатар, Қатар Әмірі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысады.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен де кездесуі өтеді.

12 қазан 2022, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.