Атырау, 22 желтоқсан 07:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ердоған Астанада Путинмен кездесіп, Украина бойынша ұсыныс жасамақ

793 рет қаралды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеу мен Батыс арасындағы Украинаға қатысты келіссөздерде бітістіруші болуды ұсынбақ. Бұл туралы Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы ИноСМИ сайтына сілтеме жасап.

"Президент Ердоған Путинмен перспективаны, атысты тоқтатуға қолжеткізуге болатын қадамдарды талқылайды (Украинада)", - деді Калын.

Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

12 қазан 2022, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.