Атырау, 4 мамыр 19:31
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстанға келген ресейліктер қайда жұмысқа орналасып жатыр

894 просмотра

Қазақстанға келген Ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жатыр? Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 22,5 мың ресейлік азамат жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлейді. Оның 8 мыңы жыл басынан бері жұмысқа орналастырылған.

Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істейміз дейді. Бірақ біз әрдайым жалақының 10% шегерімі бар ма, соған қарай есептейміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар деген сөз.

Ресейліктердің көбі, яғни 72%-ы қызмет көрсету саласында, 16%-ы өнеркәсіпте, 9%-ға жуығы құрылыста, 2% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Олар - бухгалтерлер, тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер. Бұл - шамамен топ-5 үздік мамандық.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болмағандықтан Ресейден келген мұғалімдер қазақстандық мектептерде сабақ бере алмайтынын айтқан еді. Бірақ Ресейден келген дәрігерлер жұмыс таба алады. Ол үшін университетті бітіргені туралы диплом мен Қазақстандағы аттестаттау сертификаты болса, жеткілікті.

11 қазан 2022, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.