Атырау, 4 мамыр 22:07
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

ШҚО-да полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

788 просмотра

Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

"10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", - делінген ШҚО ҚД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл істе күдікті ретінде 36 жастағы жәбірленушінің серіктесі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі аттанды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды", - деп толықтырды ШҚО ДП өкілі.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оның басы көлік есігі мен көліктің арасында қалып қойған. Қаза болған полицейді серіктесі тапқан. Күдіктінің айтуынша, ол әріптесінің көлікте жоқ екенін бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның етігі мен сүйретілген іздері табылды.

Оқиға Алматыдағы тасжолда болған.

11 қазан 2022, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.