Атырау, 2 мамыр 15:48
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қызылорда облысында облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы сотталды

675 просмотра

Қызылорда облысында ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іске сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржылық монитринг агнеттігі таратқан ақпарат бойынша, мемлекеттік қызметкерлер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмастан, жабдықтар қойылмастан, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген.

Одан соң ақпаратты Qoldau.kz жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойып, мемлекеттен 25 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлап, жымқырған. Келтірілген залалды қылмыстық іске қатысушылар толық өтеді.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

Сот шешімімен Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.

11 қазан 2022, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.