Атырау, 2 мамыр 08:09
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан СІМ Венгрияда ұсталған қазақстандыққа тағылған айыптың ауыр екенін айтты

962 просмотра

Венгрияда ұсталған Шымкент қаласының тұрғыны Қанатбек Өтебек ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ол бұл әрекетінің салдарын біле тұра жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлі қамауда отыр, азаматпен адвокаттар жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жігіттің туыстарына ескерту жасады.

"Полиция оны заңсыз мигранттарды тасымалдады деп айыптап отыр. Яғни, ол Қазақстанда шенген визасын 1,5 ай бұрын ғана алып, Еуропа елдерінің біріне ұшып, бір аптадан кейін Шығыс Еуропада, оның ішінде Сербия, Венгрия, Чехияда болып, заңсыз мигранттарды осы жолмен тасымалдаған. Демек ол қандай жұмысқа бара жатқанын алдын ала білген. Бұл өте ауыр бап әрі қатал айып", - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Смадияров Еуропаға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарға жергілікті заңдарды мұқият зерделеуге кеңес берді. Ол заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Еске салайық, Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны Қанатбек Өтебек биыл шілде айының соңында туристік визамен Еуропаға жұмыс істеуге кеткен. 6 қазан күні оның туыстары Өтебектің жоғалып кеткенін айтып, дабыл қаққан.

7 қазан күні Қанатбек Өтебектің Венгрия түрмесінде отырғаны белгілі болды.

10 қазан 2022, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.