Атырау, 25 шілде 02:46
 дождьВ Атырау +31
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Алматы облысында алғашқы қар жауды

1 130 рет қаралды

Алматы облысындағы Кеген-Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 10 қазанда "Кеген-Нарынқол" республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.

10 қазан 2022, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.