Атырау, 7 қазан 09:35
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жүк көліктері қалаға кіргізіледі

5 725 просмотра

Қала жолдары ауыр кезеңдерді басынан кешірмекші. 4 ай бойы Маңғышлақ–Атырау-Ресей және Ақтөбе-Атырау-Ресей халықаралық магистралы бойынша жүретін барлық ауыр жүк көліктері мен жеңіл машиналар легі Привокзальныйдағы теміржол өткелін қайта жаңғыртуға байланысты қала көшелеріне бағытталатын болады.

- Қайта жаңғыртуға дайындық және жер өңдеу жұмыстарын өткен күзден бастап алматылық мердігер «Жобастау-НС» жүргізіп жатыр. Сәуірдің соңында автокөлік жол үстінен өтетін қосалқы теміржол көпірі салынып болып, оған пойыздарды жібергеннен кейін, негізгі жол өткелін жабады. Егер бұрын оның астымен екі қатар автомашиналар өтетін болса, енді оның өткізу қабілеті екі есеге артады. Жұмыстар тамызда аяқталады, - дейді Атырау теміржол жолдары дистанциясының бас инженері Бауыржан СИСЕНОВ.

Жол полициясы хабарлағандай, осы жобаны қарауда әскери бөлім жанынан үйінді жасау туралы мәселе көтерілді, алайда теміржолшылар бұл нұсқадан үзілді-кесілді бас тартты. Сондай-ақ, халықаралық тас жолмен қозғалушы барлық көлік легін Индер кентіндегі көпірге бағыттау мүмкіндіктері де қарастырылды. Аудан орталығына дейін машиналар Жайықтың сол жағында орналасқан күл-талқан болып бұзылған Атырау-Индер жолымен жетер еді.

Б. Сисенов бұл нұсқаларды ақылға сыймайды деп есептейді:

- Жол өткелінің биіктігі – 9 метр, мұндай жағдайда үйінді жасау тиімді емес. Сонымен қатар, мердігер қайта жаңғырту кезіндегі автокөліктердің қозғалысына ІІМ жол полициясы комитетінің келісімін алып алған. Көліктердің барлық легі қала сыртындағы Бірлік селосы аймағындағы жол өткелі бойынша Говоров көшесіне бағытталады. Әрі қарай Мирный селосы арқылы Балықшы-Жұмыскер көпірінен Авангардқа, сол жерден Құрманғазы және Авиаторлар көшесі бойымен Атырау-Астрахан және Атырау-Орал тас жолдарының қиылысына шығарылады. Осы сызба шеңберінде қайта жаңғырту сметасына белгілі бір мөлшерде жол белгілері мен көрсеткіштер салынды. Бұл - шешілген мәселе.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.