Атырау, 20 сәуір 01:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжат тапсырды

979 просмотра

Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Ол "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik.

ОСК хабарлағандай, Жигули Дайрабаев мына құжаттарды ұсынды:
1. "Ауыл" партиясы жоғары органы отырысының президент сайлауына кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2. Өмірбаян деректері қоса ұсынылған президент сайлауына кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініш;
3. ОСК шотына сайлау жарнасының төленгенін растайтын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білім туралы дипломның көшірмелері.
Айта кетері, "Ауыл" партиясының өкілі Жигули Дайрабаев бірінші болып өз кандидатурасын ұсынды. Үміткерлерді ұсыну процесі 11 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Бұған дейін Жигули Дайрабаев өзінің ерекше есімін кім және неліктен олай қойғаны туралы айтып берді.
5 қазан 2022, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.