Атырау, 26 желтоқсан 15:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сәтпаев бойындағы қозғалыс шектеледі

3 086 просмотра

Атырауда Наурыз мерекесінің тойлануына байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктегілер.

Негізгі мерекелік шаралар Исатай мен Махамбет алаңында өтеді. Сондықтан Сәтпаев даңғылы мен Молдағұлова көшесінің қиылысынан бастап Сәтпаев – Ерниязов қиылысына дейін Сәтпаев даңғылының оң жақ бойындағы қозғалыс уақытша жабық болады. Жолаушылар автобусы мен маршруттарын қосқанда, бүкіл көлік құралы орталық көпірден қаланың еуропалық бөлігіне өткен кезде айналма бағыт арқылы жүреді. Бұл айналма бағыттар – Пушкин көшесінен Жарбосынов көшесіне дейін және әрі қарай Ерниязов көшесіне дейін. Осы көшелер бойынша шектеулер 20 наурыз күні сағат 8.00-ден бастап 23 наурыз сағат 13.00-ге дейін қолданылады.

Ал бүгін түске дейін Тайманов көшесінің бойындағы қозғалысқа (Сәтпаев даңғылынан Жарбосынов көшесіне дейін) шектеу енгізілді. Бұл шара Исатай мен Махамбет алаңына киіз үйлер тігіп, алдағы мейрамға дайындық жүргізуге байланысты енгізілген. Бұл жерлерді Молдағұлова мен Ерниязов көшелері арқылы айналып өтеді.

 

 

 

 

 

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 наурыз 2013, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.