Атырау, 5 қазан 11:30
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жамбыл облысында жүк вагондарының жолдан шығып кетуінің себебі белгілі болды

4 172 просмотра

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жүк вагондарының жолдан шығып кетуінің алдын ала себебін мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Нұрболат Өмірзақов хабарлады. 

«ТЖД мәліметіне қарағанда, № 2112 поезд вагондарының жолдан шығу себебі алдын-ала болжам бойынша қос доңғалақтың ақауынан болған»,-деп жазылған хабарламада. 
ТЖД бастығының орынбасары С.П.Павлов жұмысты үйлестіру мақсатында оқиға орнына барды.
Естеріңізге саламыз, кеше сағат 16:20-да Төтенше жағдайлар департаменті бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің «112» нөміріне №55 жолаушылар пойызының жолаушысы хабарласып, аталған пойыздың тоқтап тұрғандығын жеткізді. Темір жолдағы оқиғаны, ТЖД жедел кезекшісі Жамбыл жолдары бөлімшесінің кезекшісі Б. Бекботаевтан 19.03.2013 жылы сағат 14:45-те Т. Рысқұлов ауданының 3650 шақырымы Луговой-Қорағатты екі аралығының 9 бекетінде Жамбыл-Шу қатынасындағы, 63 вагоннан тұратын (7 жүктелген, 56-ы бос) №2112 жүк пойызының 14 бос вагонының (басынан санағанда 34 және 47) жолдан шығып кеткендігі анықталды. 11 вагон бір жанына құлап, 3 вагон жолдан шығып кеткен.

Дереккөз: bnews.kz

20 наурыз 2013, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.