Атырау, 22 желтоқсан 07:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандықтар бір айда шетелге 100 миллиард теңгеден астам қаржы аударған

1 132 рет қаралды

Бір айдың ішінде қазақстандықтар ақша аудару жүйесі арқылы түрлі елдерге 103,2 млрд теңге жіберген. Бұл бір ай бұрынғыдан 25,3 млрд теңгеге немесе 35%-ға артық, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстаннан Түркияға трансферттер көбейіп барады. Жыл басынан бергі 8 айда ол жерге 163,1 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ал тамыз айында бұл көрсеткіш рекордтық көрсеткішке жетті – 27 миллиард теңгеден астам. Бұл шілде айымен салыстырғанда бір жарым есе және 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 50 пайызға  артық.

Тәжікстанға аударымдардың тарихи максимумы да жаңартылды. Бірақ мұнда сомалар әлдеқайда қарапайым – айына шамамен 2,6 млрд теңге.

3 қазан 2022, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.