Атырау, 23 қараша 12:44
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда дәретхана жарылып, жас жігіт зардап шекті

2 367 просмотра

Оралда жер үйдің даладағы ағаш дәретханасында белгісіз газдың жарылуынан 19 жасар жас жігіт зардап шекті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жігіттің туыстарының айтуынша, төтенше жағдайға дәретхана маңынан өтетін газ құбырының ақауы себеп болған. 

Зардап шеккен жігіттің туған-туыстарының айтуынша, Ержан Кенжеғалиев дәретханаға кіріп, темекі тұтату үшін сіріңке жаққан. Осы сәтте белгісіз газ жарылған. Денесін күйік шалған жігіт облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
«Мен бауырымның айқайлаған дауысын естідім, ол дәретханадан атқып шықты. Үстіндегі киімінің бәрі жыртылған. Денесін күйік шалған ол ауырғаннан айқайлай берді. Біз жедел жәрдем шақырдық», - дейді зардап шеккен жігіттің бауыры Миржан.
Көршілерінің айтуынша, газдың жарылуына сол маңайдан өтетін газ құбырындағы ақау себеп болған.
«Біз күзде хабарласқан болатынбыз газ қызметіне. Сол жерден газдың иісі қатты сезілетін», - дейді Бексұлтан Хасанов.
Қазір болған оқиғаны қалалық төтенше жағдайлар басқармасының тергеушілері анықтауға кірісті.
«Қазылған жерге жанғыш сұйықтық құйған сияқты, сіріңке жаққаннан ол тұтанып кеткен. Сондай-ақ газдың сыртқа шығуы да себеп болуы мүмкін», - дейді Орал ТЖБ тергеушіс Нұрболат Егінбаев.
Қазір зардап шеккен жігіт ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның халі ауыр деп отыр.
«Ержанның беті мен аяқ-қолын, шабы мен ішін күйік шалған. Терісінің 20%-ы күйіп қалған. Қазір ем-дом тағайындап жатырмыз», - дейді облыстық клиникалық аурухананың хирургі Юрий Крячко.
Дереккөз: bnews.kz

20 наурыз 2013, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.