Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан 2013 жылы Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды шектеуге ниетті

2 511 просмотра

АСТАНА, 25  ақп –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан 2013 жылы ресейлік мұнай өнімдерін импорттауды шектеуге ниетті, деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмырзин Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында.

«Ресейлік ЖЖМ-ды Қазақстанға тасымалдауды ықшамдау қажет, берілетін мұнай көлемін азайту мақсатында РФ есептесуді азайту керек. Кедендік бекеттер болмаған жағдайда Ресейден импортты шектеу туралы сәйкес қаулыны енгізу арқылы ықшамдауға болады. Осы құжатты жобасын жасап жатырмыз», - деді Қ.Құлмырзин.

«Шектеулер ағымдағы жылдың соңына дейін әрекет етеді», - деп нақтылады департамент басшысы. 

Ведомство өкілінің айтуынша, РФ-нан тасымалды шектеу ең алдымен бензиннің төменгі октандық маркаларын (АИ-80), жазғы дизелдік отынға әсер етеді. 

ҚР МГМ мәліметінше, қазіргі уақытта ресейлік ЖЖМ импорт үлесі отандық отын нарығында 40%-ды құрайды. 2012 жылы Қазақстан РФ-нан 1,3 млн тонна мұнай өнімдерін импорттады. 

Өткен жылдың қыркүйегінде Ресей мен Қазақстанда мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы протоколға қол қойды. Протокол екі мемлекет территориясында мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік балансқа сәйкес келетін көлемде республиканың ішкі сұранысын қанағаттандыруға РФ-нан Қазақстанға мұнай өнімдерін бажсыз тасымалдау үшін жағдай жасайды.

Құжатта Қазақстанға мұнай өнімдерін бажсыз тасымалдаудан РФ федералдық бюджетінің түсетін табысын өтеу механизмдері бар: қазақстандық тараптан әкелінген ресейлік мұнай өнімдеріне қарама-қарсы Ресейге мұнай тасымалданады.

Дереккөз: newskaz.kz

20 наурыз 2013, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.