Атырау, 23 желтоқсан 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

1 276 рет қаралды

1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.

Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетін кез келген адамға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.


30 қыркүйек 2022, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.